Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көліктің VIP нөмірлерінің жаңа бағасы белгіленді

1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістердің бірі – көліктің тартымды көрінетін мемлекеттік нөмірлері үшін салынатын мемлекеттік баж салығы мөлшерінің көтерілуі болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Автокөліктердің мемлекеттік нөмірі бүгіннен бастап 6,7 мың теңге (немесе 2,8 АЕК) тұрады. 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 2405 теңге болатынын айта кету керек.

Яғни, автокөлігіңізге 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 секілді нөмірлерді таққыңыз келсе, 57 АЕК немесе 137 мың теңге төлеуге тура келеді. Ал дәл осы нөмірлердің бірыңғай әріптермен көрінетін түрін қолай көрсеңіз, оны 114 АЕК (274 мың теңге) төлеп ала аласыз. Ал жекелеген 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерінің бағасы 137 АЕК немесе 329 мың теңге тұрады.

Дәл осы нөмірлер бірыңғай әріптермен берілетін бағасы 466 мың теңгеге (194 АЕК) барады. Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерін таңдағысы келген қазақстандықтарға қалтасынан 548 340 теңге (228 АЕК) шығаруға тура келеді.

Осынау ең тартымды нөмірлерді бірыңғай әріптермен алғысы келгендер қосымша тағы 137 мың теңге төлеуі керек. Демек, сіз көлігіңізге ең көрікті нөмірді 685 мың теңгеге (285 АЕК) сатып ала аласыз. Ал әртүрлі санды, бірақ әріптері бірдей нөмірлердің құны – 57 АЕК (137 мың теңге).

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін

Астаналық жүргізушілер көліктерден алып шырша құрастырды (видео)

Қазақстанда бүгіннен бастап темекі бағасы қымбаттады

Алматылық альпинист Аяз аталар емханада жатқан балаларға сыйлық таратты

Астролог: Ит жылы басы бос жандар отбасын құрады

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Қаңтар, 2018 09:24
Талқылау