Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кімнің IQ деңгейі ең жоғары?

22 шілдеде IQ Kazakhstan ұйымы еліміздің үш мегаполисінде IQ сынағын өткізді. Оған еліміздің түрлі өңірлерінен жасы 10-нан асқан 2 мыңнан астам азамат қатысты, деп жазады Stan.kz.

Қазақстанда кімнің IQ деңгейі ең жоғары?

Тестілеудің нәтижесі бойынша Шамиль Ванкеев Дүйсенғазыұлы ең жоғары нәтиже көрсетті. Оның IQ деңгейі “Cattell” барлау шкаласы бойынша 180-ді құрады.

Шамиль Ванкеев 1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Қазақстан бойынша IQ деңгейі ең жоғары жігіт қазіргі уақытта Сүлеймен Демирель атындағы университеттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінде жұмыс істейді.

Қазақстанда кімнің IQ деңгейі ең жоғары?

Айта кетейік, Шамиль 2017 жылы «ҚазГЗУ университетінің» студенттік президенті, сондай-ақ Астана қаласының жастар саясатының қолдауымен А-14 жобасының белсенді қатысушысы болды.

Шамильдің IQ деңгейі әлемдегі ең ақылды актер Джеймс Вудс пен ең ақылды саясаткер Джон Сунунудікімен бірдей.

Ал, корейлік физик Ким Ун Енның IQ деңгейі әлемдегі ең жоғары болып саналады. Оның IQ деңгейі 210. Танымал физик осы көрсеткішпен әлемдегі IQ деңгейі ең жоғары адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бекболат Болмановтың IQ Kazakhstan ұйымы жайында сайтымызға берген сұхбаты жарияланған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау