Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кей экономикалық құқық бұзушылық қылмыстық істер қатарынан алынып тасталмақ

Мәжіліс депутаттары экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық істер қатарынан алып тастау және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және жылыстату, сонымен қатар терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz
Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, бұл заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әзірленген.

"Жобаларда экономикалық құқықбұзушылықтарды қылмыстық істер қатарынан алып тастап және кәсіпкерлерді салыққа байланысты қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындайтын тетік көзделген. Қылмыстық кодекстің бірқатар нормасын қылмыстық істер тізімінен алып тастау көзделген. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын", – деді Имашева. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығын қорғап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға қол қойған еді. Заңның мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату.

Талқылау