Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қандай жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды жеңілдету қарастырылды

Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін жазаны екі есе жеңілдету ұсынылуда.

Парламент мәжілісінің депутаттары пленарлы отырыста әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекске өзгеріс енгізу туралы жобаны мақұлдады. Оған сәйкес, жол ережесіне салынатын айыппұл құны жеңілдетіледі, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстанда мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасағаны үшін 1000 АЕК көлемінде айппұл салынады. Өзгеріске сәйкес, бұл айыппұл құнын 400 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды.

Сонымен қатар жылдамдықты асыруға қатысты тағылатын айыппұлды азайтпақ. Қазіргі уақытта сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін жылдамдықты арттырғаны үшін 10 АЕК айыппұл салынады. Бұл соманы 5 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды.

Сондай-ақ қиылыстағы жол ережесін бұзып, келесі бетке өткені үшін салынатын 10 АЕК айыппұлды 3 АЕК көлеміне дейін түсірмек.

Әкімшілік кодекстің 596 бабы бойынша, көліктің қарсы бетке өтуі, тиіс емес жерде өзге көлікті басып озу,  жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өту секілді жол ережесін бұзғаны үшін салынатын 20 АЕК айыппұлды 15 АЕК-ке дейін түсіреді. Тиісті емес жерден айналып, қарсы бетке өтекені үшін жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырылады. Бұл жазаны 6 айға қысқарту ұсынылды.

Көліктің дұрыс тоқтамауы және тұраққа дұрыс қоймағаны үшін салынатын 10 АЕК-ті екі есе жеңілдетпек.

Көлікті тротуарға, балалар алаңына, спорт алаңына қойғаны үшін 15 АЕК айыппұл салынады. Бұл жазаны 10 АЕК-не азайту қарастырылуда.

Аялдама немесе мүгедектердің көлігін қоюға аналған орындарға тұрғақтағына үшін салынатын 50 АЕК айыппұлын 10 АЕК көлеміне дейін азайту көзделді.

Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету және тәртіпке сақшысының ескертуіне құлақ аспағаны үшін айыппұл салынады. Бұл ережені қайталап бұзса, 20 АЕК айыппұл салады. Бұл соманы 15 АЕК-ге ауыстырмақ.

Жаяу жүргіншіге жол бермеу секілді жол ережелерін екі бұзып, ол бір жыл ішінде қайталанғанда салынатын 20 АЕК айыппұлды  15 АЕК айыппұлға ауыстыру қолға алынды.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде көлікке «Ш» белгісін жабыстыру міндетті ме?

Утилизацияның екінші кезеңі басталды: Ескі көліктерге қанша ақша төлейді?

Дүйсенова қай зейнеткерлердің зейнетақысы екі есе өсетінін айтты

Талқылау