Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ислам мен христиан діні бірігеді: Өзін Алланың елшісімін деп жариялаған діндар сұхбат берді

Бүгінде әр жерде өзін пайғамбармын, елшімін деп жариялайтындар көп. Солардың бірі, өзін Алланың елшісімін деп жариялаған Бақытбай Сейітов ашық сұхбат берді. Діндарлардың сауатсыздығын айтып, дін туралы өз көзқарасын жеткізді.

Бақытбай Сейітов алдымен сопы Құрбанәлі Ахмет жайлы ойын айтты, деп жазады Caravan.kz.

«Негізі  Құрбанәлінің білімі бар. Бірақ ислам діні жайлы ғана. Басқа нәрсені білмейді. Менің елші екенімді біледі, мойындағысы келмейді. Көреалмаушылық бар. Өзін мойындағанды қалайды. Пайғамбарлардың өзі барлық нәрсені білмеген. Бірі білгенді, бірі білген жоқ. Өйткені бәрін тек Алла біледі. Ал, адамдар әлдене сұрағанда Құрбанәлі секілділер білмейтінін айтуға ұялады да, қиялға беріледі. Сосын өзі де шатаса бастайды. Қанша дінге бөлініп адасып жүргендер көп. Олар мені мойындамайды. Ал, мен солардың қатесін бетке айтам», – дейді Бақытбай Сейітов.

Ол өзінің «елші» екенін көп адамның мойындамағанын қалыпты жағдай санайды. Кезінде пайғамбарлардың басынан да ауыр жағдайлар өткенін, көпшіліктің мойындағысы келмегенін айтады.

«Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды таспен қуып, Иса пайғамбарды аспақ болды. Олардың пайғамбарлығын мойындаған жоқ. Сол секілді мені де мойындай алмайтындар, бәсекелесетіндер бар. Алладан жәрдем болған күні Қазақстанда бір дін ғана болады. Христиан діні мен ислам қосылады. Осыдан бастап ортақ түсінік пайда болып, жалған нәрселер жойылады. Солай болуы міндетті», – дейді ол.

Сейітов «Исламда Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды соңғы пайғамбар деп көрсеткен. Сонда сіз қалай пайғамбар болдыңыз?» деген сұраққа жауап берді.

«Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың елшісі әрі соңғы пайғамбар деген. Пайғамбарлық сонымен тоқтаған. Ал, елшілік жалғаса береді. Мен пайғамбар емеспін, мен Алланың елшісімін. Діни басқармадағылар маған ешқандай уәж айта алмайды. Себебі өздері сауатсыз. Білімі таяз. Маған Мұса, Иса, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың қасиеті берілген. Мен жыланшымын. Кезіндегі Мұса пайғамбардың Мысырда алып жүрген таяғы маған берілген», – дейді Бақытбай Сейітов.

Түркістан облысында тағы бір азамат Абай Пәшенбаев өзінің Алланың елшісі екенін айтқан еді. Ол тіпті құдаймен әзілдесетін айтып елді шошытқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау