Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ірі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер уақытша өшірілді

Түнгі уақыттан бастап Қазақстанда ірі халықаралық әлеуметтік желілер ашпай қалған. Оның ішінде Facebook, Twitter, ВКонтакте, WhatsApp, Viber және YouTube бар.

c97e59b2f7757f05ae84ee58c1f

Сурет kapital.kz

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Әлеуметтік желілердің неліктен бұғатталып қалғаны белгісіз. Олардың бұғатталғаны туралы ақпаратты ping-admin сайтынан білген. Жергілікті тұрғындар мұны 21 мамыр күні болуы мүмкін митингпен байланыстырады. Олардың айтуларынша сағат түнгі 3 пен 4 аралығында Инстаграм мен “Мой мирді” қосқанда Қазақстанда барлық коммуникациялық платформалар істен шыққан. Ал Астанада әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмыс істемеген.

рпав

Қазақстанда соңғы рет 2014 жылы 28 қарашада әлеуметтік желілердің жұмысы тоқтатылған еді. Ол кезде де әлеуметтік желілер бірнеше сағат бойы ашылмай қалған.

Талқылау