Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда интернет арқылы жалаңаш суретімен арбайтын “алаяқ қыздар” көбейген

Қазақстанда соңғы кездері интернет-алаяқтық өршіп тұр. Ер адамдарға жас қыздардың жалаңаш суреттерін жіберіп, торына түсіретін, сол арқылы кейін ақша бопсалайтын алаяқтар саны күрт артқан.

74116d444acc9fb3be2445338b7520c6

Сурет huffingtonpost.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Фейсбукте” қырықтан асқан ер адамдарға жас қыздар атынан алаяқтар интимді әңгіме төңірегінде сөз қозғау жағдайы бірнеше рет тіркелген. Ал олар өздерінің интимді фото, видеоларын беттерін көрсетпей түсіреді. Ал ер адамдар болса өздері туралы мәліметті толық айта салып, тіпті өзін толықтай видеоға түсіріп те жібере береді. Ал ондай бейнематериалдар көптеп жиналғаннан кейін алаяқ қыздар бірнеше мың доллар сұрап бопсалай бастайды”, – дейді Қазақстан интернет-ассоциациясының президенті Шавкат Сәбиров.

Интернет-алаяқтардың қармағына тіпті ауқатты, сыпайы отбасы мүшелері де түсіп қалады.

“Ішкі істер министрі айыппұл салған, компьютерлері вирусқа толған қазақстандықтар да бар. Айыппұлды танымал төлем жүйесі арқылы электронды түрде төлеу керек. Ал кері жағдайда алаяқ құрбаны жазаға тартылады”, – дейді Шавкат Сәбиров.

Сәбиров қазақстандықтарды интернет қауіпсіздіктен сақтайтын мемлекеттік бағдарлама керек деп санайды. Дамыған елдерде ондай бағдарлама әлдеқашан жолға қойылған екен. Айтпақшы, Касперский зертханасының мәліметінше, Қазақстан алғашқы жарты жылдықта вирустар шабуылдаған қолданушылары көп бірінші мемлекет екен.

Интернет-қолданушының жеке өміріне веб-камера арқылы қол сұғу – хакерлердің жаңа тәсілі. Виртуалды қылмыскерлердің шабуылына ұшырау бойынша Қазақстан алдыңғы орындардан көрінген.

Жуырда ғана Фейсбуктың негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің жұмыс орынында суретке түсіп желіге жариялаған еді. Онда ол ноутбугының веб-камерасы мен микрофонын скотчпен бекітіп жауып тастаған. ол осы арқылы қауіпсіздікті сақтауды жөн деп тапса керек. Веб-камераларды бұзу фактілері Қазақстанда да тіркелген. Әзірге олардың қауіптілік аймағы Алматы және Семеймен шектеліп тұр екен. Мамандар олар алдағы уақытта кеңістіктерін кеңейте береді деп қауіптенеді.

“Бізде әлі күнге ақпараттық қауіпсіздікке деген толыққанды мұқият көзқарас қалыптаспаған. Бұл процестен хабары бар кез-келген адам қазақстандықтардың веб-камераларын бұза салуы мүмкін”, – дейді бағдарламалаушы Қанат Өміркен.

Талқылау