Қазақстанда ең көп жалақы төленетін мамандық белгілі болды

Қазақстанда жалақысы әрі жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары мамандық «Мұнай-газ ісі» болып шықты. Ал жұмысқа орналасу көрсеткіші ең төменгі мамандық – журналистика, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда қай мамандық иелері ең көп жалақы алады

«Талапкер қай мамандықта жалақы жақсы төленетініне қарап таңдай алады. Түлектердің арасында 900 мың теңге жалақы алатындары болды. Жарнамалап отырғандай болмас үшін, ЖОО-ны атамай-ақ қояйын. Оны өздеріңіз ЖОО-лардың рейтингінен көре аласыздар», – дейді білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Вице-министрдің мәліметінше, ең жоғары жалақы төленетін мамандық – «Мұнай-газ ісі». Талғат Ешенқұлов аталған мамандықты тәмамдаған түлектердің жалаұысы 250 мың теңге екенін айтты. Сонымен қатар, анықталғандай, бұл мамандық бойына жұмысқа орналасу көрсеткіші де жоғары. Тиісінше, бұл мамандыққа деген сұраныс артады.

Ал журналистика саласындағы жұмысқа орналасу көрсеткіші ең төмен болып шықты. Ол небәрі 63 пайызды көрсеткен.

Талғат Ешенқұловтың сөзінше, ендігі талапкерлер төленетін жалақысына қарап мамандық таңдай алады.

Айта кетсек, елімізде 60 мыңнан аз жалақы алатын қазақстандықтарға салық азайтылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар