Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда депутаттар мен шенеуніктердің зейнетақысы қанша

Бірғаным Әйтімова Бірыңғай зейнетақы қоры өкілдерімен кездесуден соң журналистердің сұрағына жауап беріп, өзінің зейнетақысы жайлы айтты.

Бұл туралы Sputnik-ке сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

«Ең таңғаларлығы менің зейнетақым мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген, мен секілді жетекшілік қызметте болмаған достарымдікімен бірдей. Менің зейнетақым 100 мыңнан аздап көп. Менің зейнетақым кешегі гараж жұмысшысының, гаражды басқарған адамның ақшасы сияқты. Бізде судьялық корпус, әскери қызметкер мен құқық қорғау органдарынан басқаларға заңнан тыс эксклюэивті зейнетақы берілмейді», – дейді Әйтімова.

Журналистер жақында зейнетке шыққан Әділбек Жақсыбековтың зейнетақы мөлшері қанша екенін сұрады.

«Оның қорғаныс министрі болғанын ескермесек, зейнетақысы менен көп деп ойламаймын», – дейді Әйтімова.

Қазақстанда орташа зейнетақы 80 мың теңге. 2018 жылы ең төменгі зейнетақы 28 284 теңге, ең жоғарғы зейнетақы 126 мың теңге болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау