Қазақстанда бұдан былай АИ-80 бензині сатылмайтын болды
Қазіргі уақытта Қазақтандағы мұнай өңдеу зауыттары АИ-80 маркалы бензинін өндіріп жатқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Kapital.kz
Бұл туралы Энергетика министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов мәлім етті.
«Мұнай зауыттары жаңғыртудан өткеннен кейін мотор майларының сапасы К-4 және К-5 стандарттары негізінде өндіріледі. Өкінішке қарай, АИ-80 маркалы бензин бұл жоспарға кірмейді. Қазіргі таңда АИ-80 маркалы бензиннің өндірісі тоқтатылды. Алайда ол бензиннің белгілі бір бөлігі ғана Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша өндіріліп жатыр», – дейді Қуаныш Құдайбергенов.
Оның айтуынша, алдағы уақытта жанар-жағармай құю станцияларында АИ-80 маркалы бензин болмайды.
«Қазіргі таңда біз АИ-80 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеуден алып тастау механизмін қарастырып жатырмыз. Енді аталған бензиннің бағасын нарық реттейтін болады. Алдағы уақытта аталған жанармайдың белгілі бір бөлігі сырттан экспортталуы мүмкін», – дейді Қуаныш Құдайбергенов.
Тағы да оқыңыз
Қазақстанның бес азаматы Сириядан шығарылды (видео)
Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

“Енем басқа дінде болса да, мен үшін мешітке барды”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмірі туралы айтып берді
