Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бензин бағасы тағы да қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда бензин бағасы тағы да шарықтап кетуі мүмкін. Қазмұнайгаз еліміздегі ең танымал бензин маркаларының бағасы жақында тағы да өсе түседі деп болжап отыр.

TSeny-na-produkty-vyrastut-na-20-iz-za-podorozhaniya-benzina

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Аи-92 маркалы бензин литріне 140, 145 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Компания сарапшыларының айтуынша, бұл көтерме бағаның өзгеруіне тікелей байланысты. Бағаның өсуі былтырғы жылдың өзінде Ресейден келетін бензин импортына тәуелді солтүстік облыстарды қатты байқалған.

Ол аймақтарда 92 маркалы бензин 140-142 теңгеден саудаланған. Жыл соңында жанармай тұтыну арта түсіп, сол себептен қосалқы қор төмендеген. Енді оның орнын толтыру үшін қосымша импорт қажет.

Бұл өз кезегінде бензин бағасының өсуіне әсер етеді. Бұл ретте дизельді отын бағасы тұрақты қалпында қала бермек.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда көліктердің бағасы күрт қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда 2017 жылы жанармай бағасы қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Алматылықтар қаңтардан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның жоғалып кеткенін байқаған

Талқылау