Қазақстанда бензин бағасы арзандады
Қазақстанда 92-нші бензин бағасы арзандады. АИ-92 бензинінің бағасы шамамен 2 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда көктемнің алғашқы айында безнин бағасы тұрақты болған еді. Алайда мамыр айында жағдай өзгерді. Нарықтағы ірі бес ойыншының үшеуі АИ-92 бензинінің бағасын төмендеткен. Helios станцияларында баға 147 теңгеден 145-ке, Sinooil-да 149 теңгеден 145-ке төмендеген. Ал «Газпром» станцияларында бензин 146 теңгеден сатылып жатыр. «ҚазМұнайГаз» бен Royal Petrol-да баға өзгеріссіз қалған. Тиісінше, онда 149 және 145 теңгеден сатылуда.
Ал дизель бағасы барлығында өзгеріссіз қалған. Жанармайдың ең арзан бағасы Royal Petrol-да. 188 теңгеден сатылып жатыр. Helios пен «Газпромда» бір литрінің бағасы – 193 теңге.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
Декретте отырған ананы қай ел көбірек қолдайды? Қазақстанда жаңа заңға сәйкес декреттік төлемдер қалай өзгереді
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі