Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базарларда бірқатар өнімдерді сатуға тыйым салынды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Азық-түлік өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы нысандарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» жаңа ережесін бекітті. Аталмыш талаптарда сауда орындарында сатылмайтын өнімдердің тізімі жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі kazpravda.kz-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда базарларда бірқатар өнімдерді сатуға тыйым салынды

Енді отандық фермерлер өз аулаларында сүт, ірімшік және басқа да сүт өнімдерін сата алмайды. Сатуға тыйым салынған өнімдердің ішінде үйде консервіленген қияр, қызанақ және саңырауқұлақтар да бар.

«Бізде азаматтардың немесе жеке қосалқы шаруашылық үйлерінде дайындалған консервіленген өнеркәсіптік емес, герметикалық орауышпен оралған өнімдерге тыйым салынды. Олардың ішінде аспаздық, ет, ұн өнімдері мен балық өнімдері. Яғни, үйде дайындалған өнімдер, жаңа және консервіленген өнеркәсіптік емес саңырауқұлақтар, пастерленбеген сүтті ірімшік, сүт өнімдерінің барлығын сауда нүктелерінде сатуға тыйым салынды», – деді Қостанай облысының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Наталья Гасценбеллер.

Сондай-ақ, көшелер мен базарларда үй жануарларын және құстарды да сатуға тыйым салынды. Сонымен қатар, санитар дәрігерлер сауда нүктелерін жаңа санкциялар бойынша тек тұтынушылардың шағымдары бойынша немесе жоспарланбаған бақылау әдісі және кездейсоқ сауда жасау арқылы тексеретіндерін айтты. Бірақ, бұзушылық анықталса жазалау функциялары қарастырылмайды, бұл міндеттемелер жергілікті полиция қызметіне жүктеледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау