Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда банктер долларлық салымдар бойынша сыйақыны өсірді

Қазақстанда коммерциялық банктер маусым айынан бастап долларлық салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесін 2 пайызға дейін арттырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап. 

Қазақстанда банктер долларлық салымдар бойынша сыйақыны өсірді

Бұған дейін шетелдік валютадағы салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,5-1,0 пайыз арасында болған еді. 

«2019 жылдың 1 маусымнан бастап шетел валютасындағы мерзімі 12 ай және одан жоғары жинақ және мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер 2%-ға тең болады. Ал қайтарып алынатын салымдар, сонымен қатар 12-ға дейінгі мерзімді және жинақ салымдар бойынша шекті мөлшерлемелер 1% деңгейінде сақталады. Сәйкесінше, 1 маусымнан бастап валютадағы салымдар теңгедегі салымдар сияқты мерзімді, мерзімсіз және жинақ депозиттер болып топтастырылатын болады», - делінеді хабарламада. 

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы салымшылар долларлық депозит бойынша 2 пайызға дейінгі сыйақыны 6 банктен ала алады. Олар: «Халық Банк» (Halyk Bank), «ЦентрКредит» Банкі», «Нұрбанк», AsiaCredit Bank. Және Bank RBK-да 1,5 пайызға дейін. 

Талқылау