Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда баланы мектепке апару шығыны қанша болады?

Қазақстанда биылғы жылы баланы мектепке дайындау шығыны былтырғы жылдан да асып түспек. Қазірден бастап мектеп тауарларын сатып ала бастаған ата-аналар осындай ойға келіп отыр.

pkatyi

Фото: 360 телеарнасы

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оксана Пархаева жолдасымен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы 9, кіші қызы 2-сыныпқа барады. Биыл ұсақ-түйектің бәрін есептегенде 100 мың теңгеге жуық ақша керек екен.

“Ұлымыз ересек болғандықтан, оның кей заттары әлі де жарамды. Тек жоқ нәрселерін ғана аламыз. Шілденің аяғында сатып аламыз ба деп отырмыз, ол кезде әлі де таңдау болады әрі бағасы да қолжетімді. Ал тамызға қалсақ қымбатқа ұрынамыз”, – дейді ол.

Статистика бойынша жыл басында кеңсе заттары 1 пайызға қымбаттаған. Бірақ, олар нарықтағы баға күн санап өсіп жатыр деп есептейді.

Ірі сауда дүкендерінің біріндегі қатты мұқабасы бар күнделік 250 теңге, ал панелдер 1200 теңгеден басталады. Ең арзан сөмке – 8 мың, 12 беттік дәптер – 15 теңге.

Дегенмен ата-аналар бір затты қайта сатып алмас үшін, оның сапасына ерекше мән береді. Ал рюкзактардың сапалысы әдетте 15-25 мың аралығында болмақ. Әлі ұзаққа жарамды.

Ал бірінші сыныпқа баратындарды жарақтандыру әлдеқайда қымбат. Орта есеппен 60-80 мың теңге. Республика бойынша бүкіл мектептерде міндетті мектеп формасы былтырғы жылы енгізілді. Оның бағасы сапа мен брендке байланысты.

Мәселен, Павлодарда костюм-киімдерді 8-15 мың аралығында алуға болады. Тәжірибелі ата-аналар көбінесе сауданы мамыр айында жасайды. Ол кезде оқу маусымы аяқталып жатқандықтан, біршама арзан болады.

Оқи отырыңыз:

Қазақпын деп жылаған қыз анасының сынағынан сүрінбей өтті (видео)

Алматыда баласын көлігінің жүксалғышына салып тасыған жүргізуші жазаланды

ҰБТ-дан құлаған түлектер тегiн оқып, шәкіртақы алатын болды

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант саны көп беріледі?

Талқылау