Қазақстанда ата-ананың баласына қол көтеруін зорлық көрсетумен теңестіру ұсынылды

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 15:37

Балалар құқығын қорғаушылар заңнамаға балаларға зорлық-зомбылық көрсету дегеннің не екенін айшықтайтын анықтама енгізіп, оның түрлерін ашып көрсетуді сұрайды.

detey-bit-NEL`ZYA

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстанда ата-ананың баласын жасмбасынан бір салып жіберуін балаға жасалған зорлық-зомбылық деп қабылдап, бұл норма жүйелі түрде бұзылатын болса, қылмыстық жаза қолдануды ұсынды.

“Біз заңға бірқатар ұсыныстар жасаймыз. Мұны тездетпесек болмайды… Негізінде бұл жүйелі мәселе, балаларды тәрбиелеу, қоғамды тәрбиелеу мәселесі, қоғамда зорлық-зомбылық болмауы үшін, оның не екенін түсіндіруден бастау қажет. Қазіргі таңда 51 мемлекеттің тәжірибесі бойынша балаларды жәбірлеуге заң жүзінде тыйым салынды. Тіпті шапалақпен бір тарту, дауыс көтеру де балаға жасалған зорлық-зомбылық болып саналады. Тамақтандырып, киіндіріп отырмын деп баланың бетіне басу, оған ұрысып, қол көтеру – мұның бәрі баланың намысын таптауға әкеп соқтырады”, — деді бала құқығы бойынша уәкілетті Зағипа Балиева орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.

Оның айтуынша, парламент алдында қозғалуға тиіс бірінші мәселе – заңнамаға “зорлық-зомбылық” ұғымын енгізіп, оған тыйым салу. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың әр түрі бойынша тұжырымдама жасау, мәселен моральдық, физикалық, сөз, шапалақ және т.б. Қазіргі уақытта балаларына мұндай жаза қолданатын ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Балиеваның пікірінше, балаға қол көтермей-ақ тәрбиелеу әдістерін жас аналарға үйрету керек. Мәселен, баланы ыстық шәйнекке жолатпас үшін, жылы суға қолын тигізіп немесе ғаламтордан күйік суреттерін көрсеткен жөн.

Жіберіп алмаңыз:

Күйеу жігіттің көңілдесі тойға қалыңдың көйлегімен келіп шу шығарды (видео)

Мұхамедиұлы: Мен не үшін отставкаға кетуім керек, шындық үшін күрескенім үшін бе?

Айгүл Мүкей бала көтере алмай ЭКО жасатқанын айтты

Мұғалімі интернаттағы тұрмысы төмен 13 жасар оқушысын 10 мың долларға сатпақ болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Аноним says:

    Мұның арты жақсылыққа əкелмейді, бетімен кеткен соң, балаларды алдап,балалар үйіне тапсырып, таблеткаға отырғызып, жатқанын “тертрория заблуждения” хабарынан көруге болады. Жан түршігерлік жағдайларға əкеліп соғатыны сөзсіз. Ата-ананың өз баласына еш жамандық ойламайтыны белгілі.

  • ххх says:

    Кол котерди деп барлык аналар жазаланатын болды гой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар