Қазақстанда алимент қарызын төлемегендер көлік жүргізу куәліктерінен айырылатын болды

Қазақстанда балалары алдында өтелмеген қарызы бар әкелер жүргізуші куәліктерінен айырылатын болды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Әкелердің республикалық форумында сөз сөйлеген ҚР президент жанындағы отбасылық-демография және әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко елімізде алимент бойынша қарызы бар адамдарға шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

“Шектеулердің ішінде лицензия беру, арнайы құқық беру, электронды сауданы іске асыруға тыйым салулар бар. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінен де айыру шарасы қарастырылады”, – деді Тарасенко.

Соңғы екі жылда алимент қарызын төлеу үшін 14,5 мың ер адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, жалғыз басты аналар әкенің жұмыс істеп жүргені туралы дәлел жинау міндетінен босатылған.

Елена Тарасенко елімізде ажырасу мен некесіз балалы болу үрдісінің белең алып бара жатқанын да айтты. Елімізде әрбір үшінші неке айырылысып кетсе, кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың да ажырасу көрсеткіші өсе түскен.

Сондай-ақ, оның сөзінше қоғамда отбасындағы жыныстық зорлық мәселесі де басты орында тұр. Бұл ретте ол отбасы институтын қалыптастыру үшін идеологиялық жұмыстарды қарқынды атқару керектігін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны интернет арқылы Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін саудаға шығарып жатыр

Сәбиін еденге атып ұрған келіншек 3 жылға сотталуы мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына айыппұл салынды

Қазақ-қырғыз шекарасындағы 8 шақырымға созылған кептеліс әуеден видеоға түсірілді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар