Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет халал карталар пайда болды

“Al Hilal” ислам банкі АҚ Қазақстан нарығына алғашқы карталарын ұсынды. Олардың қызметі шариғат заңына негізделген.

Банк баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ислам карталары картада қалған өсім есебінен сыйақы бермейді. Сонымен қатар тұтынушы картаны ойын-сауы орталықтарында, казиноларда, букмекер орындарында, алкоголь, темекі сататын дүкендерде қолдана алмайды.

Қазіргі уақытта карталар Шымкент пен Алматы, Астанада қолжетімді. Алдағы уақытта өзге аймақтарға жасалады.

Бұл картаны тұтынушылар шетелде де қолдана алады. Әрбір тауардан 0,5%-дан 1%-ға дейін кэшбэк алады. Сонымен қатар ғаламтор арқылы тапсырыс бере алады. Аударымдар жіберіп, салық пен айыппұл төлей алады. Банктің филиалында, “Казкоммерцбанк” банкоматтары арқылы есепшотты толтыруға болады. Тұтынушылар үшін ең қолайлысы интернет-банкинг.

Келесі жылдың басында банк алғашқы несие карталарын нарыққа шығармақ.

 

Талқылау