Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2019 жылға АЕК және ЕТЖ мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанда 2019 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі жалақы мөлшерлемесі белгіленді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда 2019 жылға АЕК және ЕТЖ мөлшерлемесі бекітілді

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) зейнетақы‚ жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұлдар мен салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 197-VI заң бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдіктер мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш, сондай-ақ айыппұлдарды, салықтар мен басқа төлемдерді қолдану – 2 525 теңгені құрайды.

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – бұл қалыпты жағдайда және ай сайынғы қалыпты жұмыс уақытында еңбек нормаларын орындаған кезде қарапайым, біліктілігі жоқ қызметкерге ақшалай төленетін ең төменгі кепілді сома.

Сонымен, 2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгені құрады.

Сондай-ақ, заңмен төлемдердің басқа да мөлшерлемелері белгіленді:

– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16 037 теңге;

– ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36 108 теңге;

– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 29 698 теңгені құрады.

Сонымен қатар, жасына қарай берілетін зейнетақы төлемдері мен еңбек өтіліміне қарай төленетін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшерін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  7 пайызға арттыру қарастырылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау