Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 20 жыл бойы құлдықта болған қырғызстандық әйел сіңлісімен кездесті

23 жыл бойы Қазақстанда темекі егістігінде жұмыс істеген 51 жастағы қырғызстандық Зуура Болтоева өз еліне оралды. 20 жылдан аса уақыт қазақ жерінде құлдықта болған әйелді Қырғыстандағы сіңлісі іздеп тауып, әпкесімен қауышты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Азаттық» радиосына сілтеме жасап.

Қазақстанда 20 жыл бойы құлдықта болған қырғызстандық әйел сіңлісімен кездесті

Апалы-сіңілі Болтоевалардың кездесуі 19 қыркүйекте Бішкекте «Ұлттық қызыл жарты ай қоғамының» қызметіне арналған мерейтойлық мереке кезінде ұйымдастырылды.

Бұрмақан Болтоева осы жылдар бойы әпкесіп іздеп, онымен қауышудан үмітін үзбеді. Оның айтуынша, әпкесі Зуура 1995 жылы Қазақстанға кетіп қалған.

«Ол кезде біз қалада тұратынбыз. Ал оны біреулер елден алдап алып кеткен. Бүгінде әпкемді аман-есе тауып, онымен жүздестірген «Қызыл жарты ай қоғамына» алғысымды білдіремін», – дейді Бұрмақан Болтоева.

Қазақстанда 20 жыл бойы құлдықта болған қырғызстандық әйел сіңлісімен кездесті

20 жылдан аса уақыт құлдықта жүрген Бұрмақанның әпкесі Зуура Болтоева Қырғызстанның Қара-Құлжа ауданының тумасы. Оны Қызыл жарты ай қоғамы және Астанадағы қырғыз диаспорасының өкілдері бірлесіп іздестірді. Қазақстанға келген қырғыз азаматшасы құжаттарынан айырылып, ұзақ жылдар бойы отанына орала алмай жүрген екен.

Ол Қазақстанда темекі плантацияларында жұмыс істеп, кейін тұрмысқа шыққан.

«Күйеуім екеуміз 11 жыл бірге өмір сүрдік, сосын ол қайтыс болды. Жұбайым дүниеден өткеннен кейін қызым екеуміз жалғыз қалдық. Бірақ содан кейін қайын атам мен қайын әпкем баланы жалғыз асырап, тәрбиелей алмайсың деп қызымды менен алып алды. Ол кезде қызым 11 жаста болған. Қазір ол Қазақстанда тұрады», – деп есіне алады әйел.

Қазақстанда 20 жыл бойы құлдықта болған қырғызстандық әйел сіңлісімен кездесті

Оның айтуынша, осы жылдар бойы ол кім-көрінгеннің қол астында жұмыс істеген. Қожайындары оны ұрып-соға беретіндіктен, бірнеше рет жұмысын ауыстыруға мәжбүр болған.

«Отбасымның мені іздеп жүргенін білмедім. Мені тауып, өз еліме қайтарған Қызыл жарты ай қоғамының қызметкерлеріне үлкен рахмет», – дейді Зуура Болтоева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау