Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 қазаннан бастап теңгедегі депозит шарттары өзгереді

Елімізде депозит шарттарына өзгерістер енді. Жеке тұлғалардың жинағы мен салымдарының сыйақы мөлшерлемесі енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан былай жеке тұлғалар салымы жедел және жедел емес жинақ болып бөлінеді.

Сыйақы мөлшерлемесі оның түрі мен мерзіміне байланысты. Депозитті керек кезде шешіп алу не толтыру құқығы бар. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының бекіткен ережесіне сәйкес, құзыретіндегі банктер жұмысын тоқтатқан жағдайда, онда сақталған  депозитегі, есепшоттағы сондай-ақ төлем картасындағы ақша қайтарылады.

Бүгінде 27 банк кепілдендіру жүйесінде бар. Бұл жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге де қатысты. Ал, шетел валютасымен ақша жинайтындар үшін бұрынғы талап сақталады. Оның мөлшерлемесі 1 пайыздық деңгей.

Бұл өзгерістер 1 қазаннан бастап құйылатын депозиттерге қатысты. Ал, бұған дейінгі салынған депозиттер келісім-шарт бойынша бұрынғы ережеде қала береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау