Қазақстан университетінің түлегі Кабулда болған теракт кезінде қаза тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің түлегі Сайед Самим Фарамарз 5 қыркүйекте Ауғанстан мемлекетінің Кабул қаласында орын алған терракт кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан университетінің түлегі Кабулда болған терракт барысында қаза тапты

Бұл туралы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедра меңгерушісі Гүлмира Сұлтан өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Самим – ынталы, ізденімпаз және би өнерімен айналысқан студент болған.

«Самимның арасында еркелігі де бар еді. Дипломын қазақ тілінде қорғады. Мына суық хабарды естігенде қатты өкініп қалдым. Журналистикаға өмірін арнаған жас жігіт есімізде мәңгі сақталады»- деп жазған Гүлмира Сұлтан.

Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі Самимды еске алу құрметіне «Ауғанстандағы терроризм» атты фотокөрме өтетіні туралы хабарлады. Аталған көрмені Қазақстандағы БҰҰ Ақпарат Бюросы, Пан Ги Мун Тұрақты даму институты журналистика факультетімен бірігіп ұйымдастырады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар