Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туристер үшін ең қауіпті елдер қатарына енді

Ливия, Ауғанстан, Сомали елдері 2019 жылы туристер үшін ең қауіпті аймақтар қатарындағы алғашқы үштікте тұр. Жолдағы қауіпсіздік бойынша бұл тізімге Қазақстан да кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан туристер үшін ең қауіпті елдер қатарына енді

Бұны денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласы бойынша жұмыс істейтін International SOS  компаниясының қызметкерлері анықтаған. Сақтандыру қызметкерлерінің пікірінше, ол елдерде денсаулыққа зақым келу қаупі өте жоғары, әрі көлік қозғалысы да қауіпті.

Сонымен қатар аса қауіпті елдер қатарына Оңтүстік Судан, Нигер, Кот-д’Ивуар және Сьерра-Леоне елдері кірген. Жол қауіпсіздігі бойынша тізімге енген елдер қатарында Бразилия, Боливия, Сауд Арабия елдері, Иран  және Қазақстан бар. Жеке қауіпсіздік Сирияда, Йеменде, Оңтүстік Суданда және Малиде белгіленген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау