Қазақстан туристер үшін ең қауіпті елдер қатарына енді
Ливия, Ауғанстан, Сомали елдері 2019 жылы туристер үшін ең қауіпті аймақтар қатарындағы алғашқы үштікте тұр. Жолдағы қауіпсіздік бойынша бұл тізімге Қазақстан да кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұны денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласы бойынша жұмыс істейтін International SOS компаниясының қызметкерлері анықтаған. Сақтандыру қызметкерлерінің пікірінше, ол елдерде денсаулыққа зақым келу қаупі өте жоғары, әрі көлік қозғалысы да қауіпті.
Сонымен қатар аса қауіпті елдер қатарына Оңтүстік Судан, Нигер, Кот-д’Ивуар және Сьерра-Леоне елдері кірген. Жол қауіпсіздігі бойынша тізімге енген елдер қатарында Бразилия, Боливия, Сауд Арабия елдері, Иран және Қазақстан бар. Жеке қауіпсіздік Сирияда, Йеменде, Оңтүстік Суданда және Малиде белгіленген.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген