Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша әлем чемпионатын қабылдайды

Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша ерлер арасындағы чемпионаттың А тобын қабылдайтын болды.

Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша әлем чемпионатын қабылдайды

Бұл туралы Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«17 мамырда Копенгагенде (Дания) шайбалы хоккей халықаралық федерациясының жылдық конгресі өтті. 2019 жылы хоккейден ерлер арасындағы чемпионаттың А тобын ұйымдастыруға Қазақстан мен Словения мемлекеттері ұсыныс білдірді.

Бүгін, 18 мамырда, дауыс беру жүріп, Қазақстан жеңіске жетті. Қазақстан тариха алғаш рет хоккейден ерлер арасындағы чемпионаттың А тобын қабылдайды», – делінеді хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 2 жыл қатарынан ӘЧ-ның бірінші дивизионынан элитаға өте алмаған еді. Команда элиталық дивизионда 2015 жылы соңғы рет ойнаған.

Оқи отырыңыз:

Әлем чемпионының бапкері: Головкин бұрынғыдай мықты емес, ол көп соққы жібереді

Футболист Мұ­хаммед Салах үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Қазақстандық регбишілер Азия чемпионатының ақтық кезеңіне жолдама алды

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер жүргізіле бастады

Талқылау