Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тумасы көмекке мұқтаждарға 28 млн теңге таратып берді

Қазақстан тумасы, белгілі кәсіпкер Оскар Хартманн “Секретный миллионер” реалити-шоуына қатысып, жоба аясында 28 млн теңге таратып берді.

Шоу ережесі бойынша, кәсіпкер асып-тасқан өмірден бас тартып, Германияның үйсіз шаруасы ретінде Северодвинск қаласына барады. Ол жерде Хартманн мүсәпір ретінде кез келген жұмысты атқарады. Кейде көшеде түнеуге тура келеді. Осылай жүріп те ер адам көмекке мұқтаждарға жәрдемдесіп жүрді.

Құпия миллионер ресейліктерге 5 млн рубльден аса (28 млн теңгеден астам) ақша берген. Оның 16 млн теңгесін ауыр дертке шалдыққан балалардың ата-анасына тапсырды.

“Бұл мен үшін өте ауыр және маңызды тәжірибе болды”, – дейді кәсіпкер.

Оның өмірі жобаға дейін және жобадан кейін деп екіге бөлінген.

Ашық деректерге сүйенсек, Оскар Хартманн Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Көктерек ауылына өміргек келген. 7 жасқа толғанда отбасы Германияға көшіп кетіпті.

Кәсіпкер KupiVIP, Aktivo, CarPrice т.б. иесі. Қазір Ресейде тұрып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау