Қазақстан Швейцария банкінің есебі бойынша кедей елдер қатарына кірді
Credit Suisse Research Institute есебі 2010 жылдан бері жарияланып келеді. Есепте әр елдің әл-ауқаты туралы ақпарат беріледі.

Қазақстан осы есепте кедей елдер қатарына кірді. Есеп елдегі ересек адамның жан басына шаққандағы әл-ауқаты бойынша саналды.
Қазақстанда бұл көрсеткіш 4441 долларды құрады. 17 жыл бұрын 2000 жылы бұл көрсеткіш 2349 доллар болған.
Төмен көрсеткішті елдер «кедей елдер» қатарына кірді. Бұл елдер қатарында Қырғызстан, Латвия Монғолия, Пәкістан, Тәжікстан мен Украина бар.
Тағы да оқыңыз:
АҚШ жаңа жылда Еуропада теракт болуы мүмкін екенін ескертті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі