Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Казақстан Риодағы Паралимпиада ойындарында екінші медальға қол жеткізді

Қазақстандық пауэрлифтерші Раушан Қойшыбаева  Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

20160912070831

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қойшыбаева «күмісті» 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еншіледі. Оның нәтижесі – 113 келі. Алтын медаль әлемдік рекорд орнатқан қытайлық Тан Юяоға бұйырды (135 келі),  қоланы мысырлық Махмуд Амал (108 келі) олжалады.

Бұл Қазақстанның  Паралимпиададағы екінші медалі: «алтынды» 100 метр қашықтыққа еркін жүзуден Зульфия Габидуллина алған еді. Қазақстан медаль жиынтығы жөнінен 35-інші орында.

Айта кететін жайт, Раушан барлық қатысушылар арасындағы ең жасы ересек спортшы. Ол 1966 жылы туған. Раушан 1990 жылы ауыр жарақаттан соң екі тізесінен айрылған. Содан бері мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарында. Пауэрлифтингпен 2010 жылдан бері айналысады. 3 бала тәрбиелеп отырған ана.

Жіберіп алмаңыз: 

Зульфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының «алтын» медалін жеңіп алды

Елбасы Зүлфия Ғабидуллинаны Паралимпиаданың тұңғыш алтынымен құттықтады

Қазақстандық паралимпиадашыларға қанша сыйақы беріледі?

Риодағы паралимпиада ойындарының ашылуында Белоруссия спортшылары Ресей туын жамылып шықты

Талқылау