Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Рио Олимпиадасының командалық есебінде 25-ші орында

Олимпиадада үш күннің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 25-ші орында келеді.

354724

Фото: caravan.kz

Бұл туралы “Хабар” телеарнасы хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар қанжығасында бір күміс медаль (дзюдошы Елдос Сметов) және екі қола (дзюдошы Галбадрах Отгонцэгцэг және зілтемірші Фархат Харки) бар.

Жалпы есепте 5 алтын, 7 күміс, 7 қоламен америкалықтар көш бастауда, екінші орында Қытай – 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль. Үшінші орында 4 алтын, 3 күміс наградамен австралиялықтар келеді.

Бүгін сондай-ақ, 63 келіге дейін бақ сынаған дзюдошы Мариан Урдабаева, бірінші кездесуінде жеңіліп қалды.

Оқи отырыңыздар:

Айдос Сарым: Ни сияқты бапкерді сотқа берсе де артық емес

Желі қолданушысы қазаққа қола әперген моңғол қызына өлең арнады

Елдос Сметов бала кезінде көптеген ән байқауларына қатысқан (фото)

Талқылау