Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан “өмірге қауіпті” тағамдарды тұтынатын елдердің ондығына кірді

Тұзды көп тұтынып, көкөністі аз жегендіктен халқы көп қазаға ұшырайтын Еуропа және Азия елдері аталды. Өзбекстан өмірге қауіпті тағамдарды ең көп тұтынатын ел деп танылды. Бұл тізімнің соңына Испания мен Израиль елдері жайғасты. Ал Қазақстан “өмірге қауіпті” тағамдарды тұтынатын елдердің ондығына кірді.

Қазақстан "өмірге қауіпті" тағамдарды тұтынатын елдердің ондығына кірді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілер тұзды көп, ал көкөніс, жаңғақ пен дәнді дақылдарды аз тұтынатын елдерді, ал ондағы халықтың қанша пайызы жүрек-қан тамырлары ауруларынан қаза болғанын анықтады.

Олардың зерттеуіне сенсек, 2016 жылы осы дерттен көз жұмған 4,3 миллион адамның тең жартысы нашар тамақтанудың салдарынан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 2,1 миллион адам жеген асына байланысты туындаған жүрек ауруларынан көз жұмған.
Батыс Еуропа елдері бұл тізімде көбінесе соңғы орындарда. Негізінен алдыңғы орындарды Азия мен Шығыс Еуропа елдері “бермей отыр”.

Қазақстан "өмірге қауіпті" тағамдарды тұтынатын елдердің ондығына кірді

Германия Батыс Еуропадағы ас рационы үшін 2016 жылы 100 мың адам көз жұмған жалғыз әрі өз контитентіндегі ең нашар ел болып табылады.

“Дұрыс тамақтану жолдарын қатаң ұстануымыз керек. Әйтпесе болашақта адам өлімі бұдан да көп болады”, – дейді зерттеу авторы Стефан Лорковски.

1990-2016 жылдары аралығында жүргізілген зерттеу нәтижесі әр елде халықтың асқа қатысты проблемалары әртүрлі екенін көрсетті.

Мәселен, Швеция мен Норвегияда жаңғақ пен дәнді дақылдарды тұтынбау қалыпты жағдай саналады. Ал Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдерінде дәнді дақылдардың жетіспеушілігі халықтарды алаңдатады.

“Басқа сөзбен айтқанда ақ ұннан жасалған өнімдерді көп тұтынып, құрамында жасұнық (ред. клетчатка) бар тағамдарды аз тұтыну соңғы жылдары аурулардың көбеюіне әкеп соқтырды”, – деп түсіндірді профессор Лорковски.

Сондай-ақ, зерттеу кезінде ас мәзірінің жүрек-қан тамырлары ауруларына, семіздікке, жоғары қан қысымына қаншалықты әсер ететіні қарастырылды.

Ас мәзірі қауіпті елдердің ондығына Түркменістан, Қырғызстан, Украина, Молдова, Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан мен Қазақстан да кірді.

Ал өзгелерге қарағанда дұрыс тамақтанатын елдердің қатарына Израиль, Франция, Нидерланды, Андорра, Дания, Бельгия, Швейцария, Норвегия мен Италия кіреді.

Зерттеу нәтижесі құрамында жасұнығы бар өнімдерді көп тұтыну – адам өлімін үш есеге дейін қысқартатынын көрсетті. Сондай-ақ, ол жүрек талмасы, инсульт, екінші типтегі диабет, ішек обырына шалдығу қаупін төртке дейін қысқартады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау