Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары еліміздегі ең ірі мешіттегі жұма уағызын онлайн тәртіпте тыңдай алады

Қазақстандағы мұсылман жамағаты еліміздегі ең ірі мешітте айтылатын жұма уағызын онлайн тәртіпте тыңдау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстан мұсылмандары еліміздегі ең ірі мешіттегі жұма уағызын онлайн тәртіпте тыңдай алады

Астанадағы «Хазірет Сұлтан» мешіті әр жұма сайын жұма уағызын желіде тарататын болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа жобаны Al Saqr компаниясымен бірлесе отырып «Уақф» қорының қолдауымен іске асырып отыр.

Еліміздегі мұсылмандар жұма уағызын қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тыңдай алады.

Уағызды онлайн тәртіпте тыңдау үшін, жұма күндері сағат 13:00-ден 13:30-ға дейін alsaqr.kz сайтына кіріп, play тетігін басып, тілді таңдау керек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау