Қазақстан мен Сирияның құс аулаушылары Хакасс қорығының қызметшісіне шабуыл жасады

Сейсенбі, 30 Тамыз , 2016 19:37

Қазақстан мен Сирияның аң аулаушылары өздеріне қорық территориясында сұңқар аулауға кедергі жасаған қызметкерге пышақпен шабуыл жасаған. Қорық сайтында оқиғаның “Камызяк аймағындағы Ұлы-Көл көлінің” маңында болғаны жазылған.

image

Фото: zapovednik-khakassky.ru

Бұл туралы “Лента.ру” басылымы хабарлайды.

Қорық қызметкері олардан қашып үлгерген. Ал шабуылдаушылар тәртіп сақшыларынан жасырынып қалуды жөн көрген. Десе де, тәртіп сақшылары оларды ізі арқылы тауып, қамауға алды. Көліктерінен 10 құс аулайтын тұзақ, сұңқарды аулауға қажетті жабдықтар табылған. Мұнымен қатар, ұсталғандардың көлігінен көгершіндер табылған.

Қылмыскерлердің үстінен Кодекстің 8.35 бабына сай тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға әкімшілік құқықты бұзды деген айып тағылған. Қорық күзетшілері директорының орынбасары оларға 1 млн рубль көлемінде айыппұл салынып, белгілі бір заттарының тәркіленетінін хабарлады.

“Ресей Федерациясының аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың өлуіне немесе азаюына әкеліп соғатын кез келген іс қатаң жазаланатын болған. Құстар өліп қалған жағдайда әр лашын үшін 600 рубль, ал ителгі үшін 1 млн 100 мың рубль көлемінде айыппұл төлейтін болады”, – дейді ол. Хакасс қорығы 1999 жылы “Чазы”, “Малый Абакан” сынды табиғи қорықтар базасында құрылған. Оның құрамына 9 учаске кіреді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар