Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстан мен Қытай бірлесе отырып Қорғас өзенінде бөгет тұрғызбақ
ҚР парламентінің сенат депутаттары Қытаймен Қорғас өзенінде «Шұқырбұлақ» (Алмалы) тасқынға қарсы бөгетін серіктестік арқылы тұрғызу туралы үкіметаралық келісімді бекітті.

Сурет: Sputnik / Игорь Агеенко
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Екі мемлекет арасындағы келісімге 2017 жылы маусым айында қол қойылған еді. Келісім талаптарына сәйкес, тараптар бірлесе отырып Қорғас өзенінде «Достық» қазақстандық-қытайлық су торабынан 5 шақырым жерде тасқынға қарсы бөгетті тұрғызады.
Бұған дейін ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдегендей, аталған жобаның құны 11,7 миллиард теңгені құрайды.
Бөгет Қазақстан мен Қытайдың теңдей дәрежедегі иелігінде болады.
Құрылысты қаржыландыру қос тараптың 50 пайыз үлесі арқылы жүзеге асады.
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты