Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 көрмесіне шақыруға ниетті

Қазақстан EXPO-2017 халықаралық көрмесіне әйгілі актер Леонардо Ди Каприоны шақыру туралы келіссөздерді бастамақ. Бұл туралы “G-global дамуы және жасыл экономика үшін” қауымдастығының жетекшісі Салтанат Рахымбекова мәлімдеген.

вава

Сурет REUTERS/Paul Hackett

Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлайды.

Бұрын ол “Астана EXPO-2017” басқарушы директоры болып тұрған кезінде “Ди Каприо да табиғаттағы тазалық туралы жиі пікір білдіріп келе жатыр. Әрине, біз оған шақыру туралы өтініш жібереміз. Ол климат проблемалары жөніндегі елші болғандықтан, біздің көрмеге де қатысуы керек”, – деп мәлімдеген.

“Бұл қоғамдық ұйым. Оның біздің шақыруымызға қаншалықты келісім беретінін білмейміз. Біз оны танымал актер болғандықтан емес, табиғат, жасыл экономика мәселелеріне қатысы бар болғандықтан шақырамыз. 22 сәуір күні Нью-Йоркте климат жөніндегі тарихи Париж келісіміне қол қойылу салтанаты өтеді. Бұл келісімде климат күтіміне қатысты жаңа міндеттемелер қойылмақ. Шараға қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалар қатысады. Осы шарадан соң Ди Каприомен келіссөзді бастаймыз”, – дейді Рахымбекова.

Бұдан бөлек, олар бизнесмен әрі Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі Майкл Блумбергті де шақырмақ.

Еске сала кетсек, 29 ақпан күні Леонардо Ди Каприо “Үздік ер адам рөлі” үшін “Оскар” сыйлығын алды. Сахнаға шығып сөз алған ол, планетамыздағы табиғат туралы айтты.

“Климат өзгерісі шын мәнінде қазіргі кезде орын алып жатыр. Бұл бүкіл адамзаттың алдында тұрған өте ауқымды мәселе. Мұндай сәтте жайбасарлықтан арылып, нағыз іс-шараларды жүзеге асыру керек. Мен осы керемет марапат үшін барлықтарыңызға алғыс айтамын”, – деді Ди Каприо.

Талқылау