Қазақстан үкіметі Қытайға наразылық нотасын жолдады

Қазақстан Қытайға нота жолдады. Президенттің тікелей тапсырмасынен кейін 237 күн өткен соң ғана Қытайда қысым көріп жатқан қазақтардың мәселесіне қатысты Қазақстан үкіметі осындай қадамға барып отыр. Қытай тарапы қандай шешім қабылдар екен? Шекараның ар жағында қысым көріп, кейбірі қамалып жатқан қандастарымыздың туыстары бұл шешімді асыға күтетіні анық.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәселені биік мінберде алғаш рет Германиядағы қандасымыз айтқан еді. Президент «бұл жағдай туралы енді естіп отырмын» деп сол жерде Сыртқы істер министріне тапсырма берген болатын.

Алайда, содан бері шешімі табылмақ түгілі, Қытайда қудаланған жақындарына араша іздегендердің саны артпаса кемімегені анық. Олар бірнеше рет жиналып, үкіметке арыздарын жеткізбек те болған.

«Жеңгем бар осы жаққа көшіп келген. Ағам осы жақтың азаматтығын алған. Жеңгем азаматтыққа енді өткізіп қойды құжатты. Ал жеңгемнің әке-шешелері күніге «уичатта» айтады: «Сен – кел. Келмесең болмайды. Мына жақта бізді «сотқа тартамыз» деп». Біз айттық: «Азаматтығың шықсын, сосын барады» деп», – дейді Павлодар облысы Қаратай ауылының тұрғыны Сайрагүл Сатыбалды.

Қазақстан азаматы атанса қамай қоймас деген үміт қой. Алайда, ол да қорған бола алмайтын сыңайлы.

Алматылық Анар Сейдахмет осы жылдың басында Қытайға ем қабылдауға кетіп оралмай қалған күйеуі мен баласының жолын тосып жүр.

«Балам да осы жақта туған, өзі де Қазақстанның азаматы. Негізінен бұл «саяси үйрену» дегенге Қытайдың саясатында Қытайдың азаматтарын ғана ұстауы тиіс», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Анар Сейдахмет.

Бүгінге дейін «анықтап жатырмыз» дегеннен аса алмай келген үкімет өкілдері президенттің тапсырмасынан тура 237 күн өткенде ғана нақты жауап берді. Сыртқы істер министрлігі Қытайда қамалды делінген Қазақстан азаматтарының мәселесін шешуге кірісіпті.

«Ол мәліметтер расталған соң Қытай тарапына ресми түрде, дипломатиялық арналар арқылы дипломатиялық нота жібердік. Сонымен қатар, Бейжіңдегі елшілігіміз, Үрімжідегі паспорттық-визалық қызметтің өкілдері Қытай тарапымен тығыз жұмыс істеп жатыр», – дейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Ал, Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарымыздың тағдыры қалай шешілері белгісіз. Шенеуніктер «өзге елдің ішкі саясатына араласа алмаймыз» дейтіні сөзсіз. Дұрыс та шығар. Бірақ, әйелі немесе күйеуі азаматтық алып үлгермей Қытайда қамалып, отбасы екіге бөлінген Қазақстан азаматтарын қайда қоямыз? Дипломатиялық нота осы түйткілдерді шеше алса бір жөн.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев өз жасында қалай жақсы көрінетіні туралы айтты

Қазақстанның үш облысында арнайы операция жүргізілді: кеден қызметкерлері, полиция және делдалдар ұсталды

Назарбаев өзін қандай ойлар мазалап жүргенін айтты

Жағдайы жоқ жанұялардың наразылығына шенеуніктер жауап қатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар