Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрылысшылар одағы президенттікке үміткер ұсынды

Қазақстанның құрылысшылар одағы Талғат Ерғалиевті президенттікке үміткер ретінде ұсынды. Оның құжаттарын Орталық сайлау комиссиясы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан құрылысшылар одағы президенттікке үміткер ұсынды

«2019 жылы 27 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 55-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясына Талғат Ерғалиев Файзуллиұлын ҚР  президенттігіне үміткер ретінде ұсынған «Қазақстан құрылысшылары одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің атынан құжаттар келді»,- делінген хабарламада.

Талғат Ерғалиевтың кандидатурасы «Ақ жол» партиясының атынан президенттікке ұсынылғандардың қатарында болды. Ерғалиев осы саяси ұйымның президиум мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, ол V шақырымның Мәжіліс депутаты және Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы.

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Сәуір, 2019 12:40
Талқылау