Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Конституцияға өзгерістер енгізуі мүмкін

Елбасы президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын кез келді деп санайды.

12031161

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу үшін ел Конституциясына өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігін айтты

2020 жылға дейін қызмет етемін “Тәуелсіздік тарихы көрсеткендей, жаңа мемлекеттің жетістікке жетіп, реформалардың жүзеге асуы, ең әуелі, мықты президент билігіне тәуелді. Мемлекет дамуының жаңа кезеңі парламент пен үкіметтің елдегі ахуал үшін жауапкершілігін арттыру мәселесін көтереді”, — деді Назарбаев Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиында. Елбасының сөзіне сүйенсек, Қазақстан “Ата Заңымызда көрсетілгендей, президенттік басқару формасы бар мемлекет болып қала береді”. “Сонымен қатар, президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын кез келді. Арнайы комиссия бұл сұрақтарды мұқият зерттеп, тиісті заңдарға, бәлкім Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасайды”, — деп қорытты ол.


Қазақстандағы Конституция күні: Бұл қандай мереке және оны қашан тойлайды

Талқылау