Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қалаларындағы Құрбан айт намазының уақыты белгілі болды

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы еліміздің әр қаласындағы Құрбан айт намазының уақытын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан қалаларындағы Құрбан айт намазының уақыты белгілі болды

ҚМДБ мәліметі бойынша, 21 тамызда Астана, Алматы және еліміздің басым бөлігінде Айт намазы жергілікті уақыт бойынша, сағат 7:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Құрбан айт – қасиетті Рамаза айынан 70 күннен кейін келетін мейрам. 2018 жылы Құрбан айт мейрамы 21 тамызда басталады.

Мүмкіндігі бар және сапаршы болып табылмайтын әр мұсылманға бұл күні құрбан шалу міндет. Құрбан айтта түйе, сиыр, қойды құрбандыққа шалуға болады. Бір қой бір адамның атынан ғана құрбандыққа шалынады. Ал ірі қара малды немесе түйені 7 адам бірігіп құрбандыққа шалуына дінімізде рұқсат етілген. Құрбандықты Айт намазынан кейін және мейрамның үшінші күнінде күн батқанға дейінгі аралықта шалуға болады. Ал құрбандыққа шалынған малдың етін 3 бөлікке бөліп, таратады. Оның бір бөлігі өзіне қалдырылып, екіншісі туыстары мен көршілеріне, ал үшінші бөлігі мұқтаж жандарға үлестіріледі.

Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының басталатын уақыты:

  1. Астана  – 07:00
  2. Алматы – 07:00
  3. Алматы облысы – 07:0
  4. Ақтөбе – 07:00
  5. Ақмола – 07:00
  6. Атырау – 07:30
  7. Ақтау – 07:15
  8. Батыс Қазақстан облысы – 07:15
  9. Жамбыл – 07:00
  10. Қарағанды – 06:30
  11. 11.Қостанай – 08:00
  12. Қызылорда – 07:30
  13. Шымкент – 07:00
  14. Талдықорған – 07:00
  15. Павлодар – 07:00
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 07:00
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 07:00
  18. Семей – 07:00
  19. Жезқазған – 07:00
  20. Түркістан облысы – 07:00

Талқылау