Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футболшылары Франциядан 0:12 есебімен жеңіліп қалды

17 жасқа дейінгі қыздар арасында Европа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстан құрамасы Франциядан ірі есеппен жеңілді.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Матч 12:0 есебімен Франция құрамасының пайдасына шешілді. Ойындағы тоғыз голдың бірінші таймда соғылғанын айта кету керек. Мадлен Рот покер жасаса, Малори Крафф пен Кессия Бюсси дубль авторлары атанды. Сонымен қатар Сара Захо, Юлия Дюфур, Клара Морейра мен Хлое Субьеталар бір-бір доптан еншілеріне жазды.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 27 қыркүйекте Данияға қарсы өткізеді.

Оқи отырыңыз:

Қазақ қызы америкалық қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді

Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

V Азия ойындары: Қазақстан бір күнде бес “алтын” иеленді

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

Талқылау