Қазақстан азаматтығынан шыққандар тұрақты мекеніне кету үшін зейнетақы жинағын ала алмай жүр
Ондаған азамат Қазақстан азаматтығынан шығып, енді тұрақты мекеніне кету үшін зейнетақы жинағын ала алмай дал.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Оларға құжатты дұрыс рәсімдемегені үшін ақшасын бермей жатыр. Ел азаматтығынан шыққандар алдымен өзге елдің азаматтығын алуға талпынады. Содан кейін ғана Қазақстан азаматтығынан шығады. Алайда бұл заңға қайшы әрекет.
Бұрынғы Қазақстан азаматы Дмитрий Бандурка отбасымен бірге былтырғы жылдың соңында Ресей азаматтығын алды. Бірақ жаңа паспортпен бірге қиындықтарға кезікті.
«Бұл статус біздің зейнетақы жинағымызды алуға кесірін тигізуде. Статус «тұрақты мекеніне шығу» деп тұруы керек. ІІМ-де мұндай мәселемен мен секілді көптеген азаматтардың кезіккенін айтты. Олардың бәрінің құжаты дұрыс рәсімделмеген», – дейді Ресей азаматы Дмитрий Бандурка.
«Заңға сәйкес, тұрақты мекеніне кету құжат бойынша рәсімделеді. Ол Қазақстан республикасының азаматы жөніндегі куәлік немесе тұрғыны ретіндегі құжат болу керек. Ол арқылы азаматтың елдегі несиесі, алименті, сот ісі жөніндегі мәселелері қаралады. Олардың зейнетақы қорын алу үшін шарт бойынша құжат рәсімдеуі керек», – дейді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің өкілі Мұрат Қабденов.
Азаматтар енді Қазақстанда тұратыны жөнінде қайта құжат жасатып, тұрақты мекенге шығу талаптарынан өтуі керек. Содан кейін ғана зейнетақы жинағын ала алады.
«Мемлекеттік органның базасына тұлғаны айғақтайтын ақпарат келіп түссе, біз ақшаны төлеуден бас тартамыз. Егер аталған мәліметтер жойылып, ҚР аумағына шығуға себеп болса, біз қаражатты төлейтін боламыз», – дейді БЖЗҚ АҚ төлем мен аудару департаментінің басшы орынбасары Гүлмира Кимолаева.
Егер тұлғаның азаматтығы бойынша тұрақты мекеніне кетуіне мүмкіндік берілсе, зейнетақы қоры 10 жұмыс күні ішінде аударылады. Ол үшін шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға арыз жазып, шекаралық паспорты мен көшірмесін, банк есебін өткізуі тиіс.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін тағы да төмендетеді
Шешенстан парламенті оқушы қыздардың мектепке хиджаб киіп келуіне рұқсат етті
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты