Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан аруы – 2016» қатысушылары қайырымдылық шарасын өткізді

«Қазақстан аруы – 2016» байқауына дайындық шеңберінде конкурсанттардың қатысуымен алғашқы қайырымдылық шарасы өтті.

cd20f2f06139c082e47589675e1

Қатысушылар елорданың арнайы коррекциялық мектеп-интернатында болды,  деп хабарлайды astana.gov.kz.

«Үлкен істердің барлығы кішкентай игі шаралардан басталады. Сол себепті бүгін байқау қатысушыларының осында келуі – біздің балаларымыз үшін үлкен мереке», – деп мәлім етті мектеп-интернаттың директоры Бахриден Кәрімжанов.

Қонақтардың әкелген сыйлықтары – қуыршақтар, машиналар, жұмсақ ойыншықтар мекеме тәрбиеленушілері үшін күтпеген тарту болды.

Бүгінгі шара – «Сұлулық қайырымдылық үшін» ұранымен «Қазақстан аруы-2016» байқауына дайындық шеңберіндегі алғашқы шара. Еске салсақ, 25 бойжеткен бақ сынайтын ұлттық байқау елордада 10 желтоқсанда өтеді. Оған алғаш рет «Instagram» арулары қатысады.

Жіберіп алмаңыз: 

«Қазақстан аруы» байқауының 12 қатысушысы күнтізбе беттерінің сәніне айналады (фото)

Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусина зорлау ісі жайлы ашық айтты

Дұға тілегенде нені сұрап, нені сұрамау керек?

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Талқылау