Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақша білемін: Айдана Меденова өзін айыптағандарға жауап берді (видео)

Желіде әнші Айдана Меденованың кадрдан тыс журналистерге берген сұхбатының видеосы тарап кеткен. Онда КешYou тобының экс-әншісі “статуэтка” сөзінің қазақша баламасын таппай, БАҚ өкілдерінен көмек сұраған. Аталған жайтты көпшілік теріс түсініп, әншіні “қазақша білмейді” деп сөккен. Орынсыз сын айтқандарға Меденованың берер жауабы бар, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Айдана Меденова

“Құрметті менің оқырмандарым, өнер сүйер қауым! Қазір ғаламтор желілерінде мен туралы жаман ой-пікірлер таралып жатыр. “Айдана Меденова қазақша сөйлей алмайды, өз ойын жеткізе алмайды, сұхбат бергенде ұят болып қалыпты, статуэтка деген сөздің қазақшасын білмейді екен” деген неше түрлі сөз жүруде. Соған айтарым бар: Мен орысша мектеп бітірсем де, қазақша жақсы сөйлеймін, жанұямда бәрі қазақи, қазақша тәрбие көргенмін. Қазақшадан ешқашан да ұялмаймын, қазақ тілінен ешқашан да бас тартпаймын. Мен қазақша жақсы сөйлеймін деп айта аламын.

Менің қазақша жақсы білетініме күмәнданбаңыздар. Тікелей эфирге кіріп, менімен сұхбаттасыңыздар. Қазақша өз ойымды жеткізе алатыныма көздеріңіз жетеді. Сіздермен бірге қазақтың қарапайым қызы – Айдана Меденова”, – деп ақталды ол.

👈🏻👈🏻👈🏻

Публикация от Меденова Айдана Едильбековна (@aidanamedenova_officialpage)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау