Қазақша ән шырқаған Киркоров КВН финалында біздің командаға көмектесті (видео)
Ресейде өткен 2016 жылғы КВН Жоғарғы лига финалының үзінді видеосы Инстаграм желісінде пайда болды.

Онда Ресейдің халық әртісі Филипп Киркоров қазақстандық “Спарта” КВН командасымен бірге өнер көрсетеді.
Киркоров сахнаға шыға келген кезде, біздің жігіттер Ресей эстрада жұлдызына таңғала қарап қалады. Ал әнші болса, “Спарта” командасын жақсы танитынын, тіпті әзілдеріне бұрыннан қанық екенін жеткізіп тәнті етеді.
Бұдан соң әнші мен қазақстандық әзілкештер бірге әндер орындап, көрермендердің көңілін көтерген.
Ал жарыс қорытындысында қазақстандық команда екінші орыннан көрінді. Бірінші орынды Бішкектен келген “Азия Mix” командасы иеленді.
Оқи отырыңыз:
МС Сайлаубек қазақстандықтардан 2 миллион ақша сұрады
Бір бала туғанына өкінген Меруерт Түсіпбаева ұл бала асырап алатын болды
Ninety one тобы Жаңа жыл кешін тыңдармандарымен бірге өткізбек
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"