Қазақстанда бүгіннен бастап темекі бағасы қымбаттады
Елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі бағасы 340 теңге тұратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Былтыр 25 қыркүйек күні «ҚР 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 «Фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы минималды бағасын бекіту туралы» қаулыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзгерістер енгізу туралы» №587 қаулысы бекітілді. Аталған құжатқа байланысты Қазақстанда фильтрлі және фильтрсіз 20 тал темекінің, папиростың ең минималды бөлшектік бағасы белгіленді.
Демек ең арзан темекі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін 340 теңге, 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 360 теңге, ал 2019 жылдан бастап 380 теңге тұратын болады.
Оқи отырыңыз:
Алматылық альпинист Аяз аталар емханада жатқан балаларға сыйлық таратты
Астролог: Ит жылы басы бос жандар отбасын құрады
Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін
Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
