Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақпыз ғой: Ерке Есмахан “Жекпе-жекте” жеңіске жету үшін Мейрамбек Бесбаевқа жағымпазданып жүр (видео)

Мейрамбек Бесбаевтың биін күнде көре бермейсің! Ерке Есмахан танымал әнші, “Жұлдызды жекпе-жек” жобасының модераторы Мейрамбек Бесбаевтың өз әніне билегенін айтып мақтанды. Ол жобада жеңімпаз атану үшін, қазірден Бесбаевқа жағымпазданып жүргенін айтып, елді күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

мейрамбек бесбаев ерке есмахан

Коллаж Stan.kz

“Жұлдызды жекпе-жектегі” есте қалар сәттердің бірі. Бәрін айт та, бірін айт, Мейрамбек ағамыздың биін-ай! Салмақты бейнесімен тек домбырасын, сосын қастарын ғана билететін Мейрамбек ағаның мұндай биін күнде көре бермейміз. Аға, аман болыңыз, жұлдызы биікте жанған қайталанбас тұлғасыз, біз Сізбен мақтанамыз! Мен Сізді Айлавью! – деп осы кезден жағымпаздана берейінші, бәлкім, жобаның жеңімпазы болармын?! Сосын шетелде рахаттанып жатпаймын ба… Қазақпыз ғой”, – деп қалжыңдады Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Ерке жобаның алғашқы кезеңінде Зарина Омаровамен сайысқа түсіп, қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткен болатын. Келесі кезеңде Еркенің кіммен өнер көрсететіні әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыз: 

Қызыңды көрсетпе құрысын: Бүркітке долларлап көрімдік ұстатқан Мақпал Жүнісова жұртты сүйсіндірді (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа өзін “өзбекстандық” деп атаған жандарға: Оған мен емес, жоғары билік кінәлі

Нашар оқыды: Тәуекел Мүсілім сыныптасы Қайрат Нұртастың бала күнгі сырын ашты

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

Талқылау