Қазаққа тұрмысқа шығып, мұсылман дінін қабылдаған Полина «супер келін» атанып жүр (фото)

Сәрсенбі, 7 Маусым , 2017 12:45

Қазақтың келіні атанған орыс қызы  көпшілік білебермейтін ұлттық тағамдарды өте дәмді дайындайды. Бұлай дейтініміз, екі қыздың анасы Полинаға қазақ қыздары мен келіндері, қонақ күтер кезде ұлттық тағамдарды ақысына әзірлетеді екен.

пол7

Байырғы заманнан әжелеріміз бен аналарымыз әзірлеген ұлттық сүт тағамдардың көбі бізге жеткен жоқ. Уақыт ағысына қарай ұмытылып, дастарxан төрінен түсіп қалған жайы бар. Бірақ, бүгінде ұлттық дәстүрді жаңғыртып, қазақ ауылында туып-өскен орыс қызы қазақтың әулетіне келін болған сәттен ұлттық тағамдарымызды әзірлеп, қазіргі таңда сүт тағамы – қоспадан өз нәпақасын көріп отыр.

пол10

Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы ауылдық округта тұратын, қазақтың қара шаңырағына келін болып түскен Полина Валерьевна ұлттық салт-дәстүрінді бес саусағындай жетік біледі.

пол9

Ұлтымыздың ұмытылып қалған жеңсік тағамы – қоспа әзірлеп, өз ісін дөңгелетіп отыр. Сүт тағамы қоспаны әзірлеудің қыр-сырын Полина Нургалиева Stan.kz сайтының аймақтағы тілшісіне айтып берді.

пол8
Қоспа әзірлемес бұрын Полина Валерьевна алдымен Нургалиевтер әулетіне қалай келін болып түсіп, ұлттық тағамдарды үйренгенін есіне алды.

пол6
“Мен көрші Қызылегіс ауылында туып-өстім. Сол ауылдағы орта мектепті аяқтап, жоғары оқу орнына түстім. Бірақ, қазақ жігітіне  тұрмысқа шығам деп еш ойламаппын. Бірақ, қазіргі таңда тағдырыма сансыз шүкіршілік етіп, ризалығымды білдіремін.

пол5

Ислам дінін қабылдап, жұбайым Қайыргелдімен некемізді қиып, маған молда “Зуxра” деген есім берді. Ресми түрде де, мен қазіргі таңда жұбайымның тегіндемін. Шынымды айтсам, ұлттық тағамдарды әзірлеуде түк те қиындық көрмедім. Қазақы ауылда тұрғандықтан, бәрі мен үшін таныс болатын.

пол2
Кейде кейбір қазақтың келіндері білмейтін ұлттық тағамдарды әзірлей алатыныма мақтанамын. Қазақтың келіні болу маған бұйырған бақыт”,-дейді Зухра.

пол1

Орыс қызы бүгінде көпшілік жасалуын білебермейтін қоспа тағамын тапсырыспен, ақысына әзірлейді.

Қоспа – сүт тағамдарының бірі. Ол – Өте дәмді әрі пайдалы. Алайда, бұл тағам жайлы бірі білсе, бірі біле бермейді. Өйткені, ол күнделікті тұрмыстан шығып, ұмытылып бара жатқан ұлттық тағам.

Қоспа әзірлеу үшін алдымен өрістен келген сиырды сауып, сүт тартқышпен тартып, кілегейін және сүтін бөліп аламыз. Майлыдығы төмен сүтті пісіріп аламыз да, айран қосып ірітіп қайнатамыз. Баяу отта екі-үш сағат қайнатсаңыз, ірімшіктің сары суы шығып, ақ ірімшік қызғылт-коңыр түске боялады.

пол11

Сары ірімшікті қазаннан сорықтырып алып, далаға кептіреміз. Кепкен ірімшікті еттартқышпен тураймыз. Қалаған кісі қоспаға печеньені де еттартқыштан өткізіп қоса алады.  Қант қосып, сары майды сұйық күйде ерітіп, барлығын жақсылап тұрып араласастырамыз. Оған қоса, қоспаға талғамыңызға қарай мейіз, жаңғақ қосуға болады. Міне, осылайша қоспа әзір болды.
Ал ұлттық тағамның “қоспа” аталуының өзіндік мәні бар. Қоспа дегеніміз бір немесе екі заттың қосындысы. Яғни, ақ ірімшік пен құртқа ірімшіктің араласуынан сары ірімшік пайда болады.Не ақ ірімшіктің дәмі емес, не құрттың дәмі емес. Екі ортада осындай тіл үйірер тағам әзірленеді.

Қазіргі таңда Полина Валерьевна қоспаны арнайы тапсырыспен сатып, өзінің кішігірім бизнесін ашыпты. Қоспаға сұраныс өте жоғары.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! 

Назым Сапарова, журналист
Ақмола облысы, Зеренді

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық ескі көліктен ауыл шаруашылығына жарамды «Джип» жасап алды (фото)

Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады

Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото,видео)

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жарайсың Полина.бақытты бол!қыздарыңның қызығын көр.жасың ұзақ болсын!ағамызда жарайды екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар