«Қазақалтын» қызметкерлері мен заңсыз алтын іздеушілер арасында атыс болды

Сенбі, 18 Маусым , 2016 9:24

«Қазақалтын» компаниясы шахталарының бірінен дау шықты.

12facec019db85714deae17a012e24f5

Сурет: ohrana.ru 

Бұл тралы Астана  арнасы хабарлайды.

Ақмола облысы Степногор қаласы маңында алтын өндірумен айналысатын алып компанияның қарауылы мен жұмыскерлері жанжалдасқан. Салдарынан 10 адам зардап шекті. Оқиға кеше кешкілік болған. Ішкі істер министрлігінің өкілдері шахта жұмысшылары мен күзетшілер жұдырықтасып қалған деп отыр.

“Жанжалдасқан адамдармен әкімдік басшылығы және қала прокуратурасының, облыстық ІІД бастығы кездесті. Жағдайды шешу үшін дөңгелек үстел басында кездесуді ұйғарылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-ші «Бұзақылық» туралы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – дейді ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Алайда Бөстөбе ауылы әкімдігінің өкілдері зардап шеккендер саны 14 адам деп отыр. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілген деген ақпарат бар. Олардың арасында заңсыз алтын іздеушілер де бар көрінеді.

Компания күзетшілері ауысым соңында жоғарыға көтерілген жұмысшылар арасында заңсыз алтын іздеушілер бар екенін анықтаған. Жанжал дәл сол кезде туындаған сыңайлы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар