Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ журналисі баласының менингиттен қалай жазылғаны туралы айтып берді

Радиожүргізуші, журналист Мұхамедияр Рашайдың баласы 5 жыл бұрын менингит жұқтырған екен. Өз кезегінде журналист баласының аталған дерттен қалай жазылғаны туралы айтып берді.

Мұхамедияр Рашай

Бұл туралы Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасына  сілтеме жасап Stan.kz жазады.

5 жыл бұрын болған оқиғаны еске алған журналист жұмыстан түскі ас ішу үшін үйіне келгенде, баласының қалшылдап ауырып жатқанын көргенін айтты.

«Біз менингитті басқа салқын тигеннен болған ауру деп ойлаймыз. Таңертең 1-інші сынып оқитын балам сабаққа кеткен. Түстен кейін анасы қоңырау шалып, оның ауырып қайтып келгенін айтты. Түскі асқа келсем, балам қалшылдап жатыр. Дене қызуы 40 градусқа жеткен. Жедел жәрдем келіп, тамағын шайғызып, бір укол салып, кетіп қалды.

Менің анам дәрігер. Бірақ баланың тұмау емес екені  белгілі. Себебі қызуы түспейді. Аяғын ұстай алмайды, қолы қалшылдай береді. Денесіне спирт жаққаннан кейін, балам тынышталады. Бірақ одан кейін ыстығы қайта көтеріледі. Ыстығы түскен күннің өзінде, тек 38 градусқа түсетін. Қызуы түспегеніне 5-інші сағат болды. Екінші рет жедел жәрдем шақырғанда, ол баламды қарап, өзінің ауысымынан кетіп бара жатқанын айтып, телефон нөмірін жазып алып қалуымды сұрадым. «Бір дертке қатысты күдіктеніп тұрман. Алайда қандай ауру екенін сізге айтпаймын. Егер 2 сағатта осылай жалғаса берсе, жедел жәрдемге қоймай қоңырау шалыңыз, алып кетсін», – деді дәрігер. Мен бірдеңе болғанын өзім де түсіндім», – дейді Мұхамедияр Рашай.

Журналистің сөзінше, артынша баласының аяқ-қолы тартылып, ауруы үдей түскен.

«Екі сағат өткеннен кейін баламның аяқ-қолы тартыла бастады. Бойында үрей пайда болды. Жедел жәрдемге хабарласып едім, үшінші рет шақырып тұрғанымды айтып, зілді дауыспен сөйледі. Әрең дегенде жедел жәрдем шақырттым. Мұнан кейін бұған дейін келген дәрігерге қоңырау шалды. Ол: «Балаңызда менингит болуы мүмкін. 7 сағаттан асты. Осы жедел жәрдемнен қалмаңыз», – деді.

Мұнан кейін келген жедел жәрдем дәрігері баланы қарап, оның менингит жұқтыру мүмкіндігі 80 пайыз екенін айтты. Бірақ ол пункция алуға рұқсат беруімді сұрады. Мен пункцияға келіспедім. Бірақ анасы менен батылырақ болды. Сөйтіп рұқсат беріп, баламның жанында тұрдым. Балама пункция жасалды. Қорытындысы шыққаннан кейін, баламның менингитке шалдыққаны расталды. Алайда дәрігерлер қауіпті түрі емес екенін айтты. Сөйтіп баламды оқшаулады. Ауруханада жатып, ем қабылдады», – дейді журналист.

Сонымен қатар журналист сол кезде көп дәрігердің балаға қандай сауықтыру шаралары жүргізілуі керек екенін нақты айта алмағанын айтып ашынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 07 Маусым, 2018 10:33
Талқылау