Қазақ жігіті Меккеде әжесін арқалап жүр (видео)
Шерхан есімді қазақ жігіті Меккеде әжесін арқалап, құлшылығын өтеп жүр.

Қазақта “Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың” деген тәмсіл бар. Бүгінде ата-анасын Меккеге апарып, бесінші құлшылығын орындап жүрген жастар көп. Қазақтың сондай тағы бір жігіті әжесін Меккеде арқалап жүр.
“Әжесін қажылықта арқалап жүрген Шерхан бауырымыз. Ниетің қабыл болсын Шәке!”, деп пікір жазды журналист Ерқанат Көпжасар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әжесін қажылықта арқалап жүрген Шерхан бауырымыз. Ниетің қабыл болсын Шәке!!!
“Жаным бауырым ғой. Кезінде анам арқалап жүретін еді. Енді міне кезек немересінде, анамды арқалап жүр жаным. Алланың нұры жаусын, ардақтым”, деп жазды әпкесі.
“Ниеті қабыл болсын! Қандай керемет. Бізге де нәсіп болса екен”, – деп жазды желідегілер.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"