Қазақ жігіті қол күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Түркияда өткен  армрестлингтен әлем чемпионатында астаналық Еркін Әлімжанов екі алтын жүлдеге ие болып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақ жігіті қол күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Елордадағы «Жігер» спорт клубының спортшысы халықаралық жарыста ардагерлер арасында 75 кел салмақ дәрежесінде өнер оң және сол қолмен күш сынасып, бірінші орынға қол жеткізді.

«Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында Астанадан «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да өнер көрсетті. Олар қазақстандық команданың қоржынына төрт жүлде салды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Дзеранов 100 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын алды, ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері Әлімжан Мұратов 80 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын, оң қолмен күресте екінші орын алды», – делінеді хабарламада.

Қазақстанның спорт шебері Арман Рахманқұлов 85 келі салмақ дәрежесінде оң қолмен күш сынасып, қола жүлдені иеленді.

Армрестлингтен әлем чемпионаты Түркияның Анталия қаласында 12-24 қазан аралығында өтті. Додаға әлемнің 40-тан аса елінен 1 300-ге жуық спортшы қатысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр